Фильмге тапсырыс беріп, өз теледидарыңыздың экранынан көргіңіз келе ме?
Бәрі оп-опай!
Ол үшін Қосылуға тапсырыс беру қызметін рәсімдеп, «iD TV» абоненті болуыңыз керек.
Егер пайдаланушылардың қатарына қосылып қойсаңыз, қашықтықтан басқару пультінің көмегімен «Бас мәзір» бөліміне кіріп, «Видео тапсырыс бойынша» қызметіне көшіңіз.
Теледидарыңыздың экранында тапсырыс беруге болатын фильмдердің тізбесі шығады. Осы тізімді толықтай қарап шығуға немесе іздеу қызметін пайдалануға болады. Навигация клавишінің көмегімен экранға шығатын виртуалды пернетақта арқылы белгілер енгізіліп, «ОК» белгісі басылады. Өзіңізді қызықтырған фильмді таңдаған соң, «сатып алу» нүктесін басыңыз.
Сосын кез-келген эпизодын таңдап алып, көре бастауға немесе қолайлы уақытқа ауыстыру үшін көрсетілімді тоқтатуға болады.
Сатып алған сәттен бастап 72 сағат бойы фильм сіздің қарамағыңызда болады.
Фильмнің немесе бейнебағдарламаның құны санатына байланысты анықталады.


