«Сұраным бойынша видеолар» қызметі – тұрақты жаңартылып отыратын видеотекадан кез-келген хабарлар мен фильмдерді таңдауға, оларды өзіңізге қолайлы уақытта теледидардан көруге мүмкіндік беретін бірегей қызмет. Сатып алғаннан кейін 72 сағаттың ішінде көретін жерін таңдап, қажет болса уақытша тоқтатып, қолайлы кезде көруді қайта жалғастыруға болады.
Енді дүкенге баруға немесе дисклерді жалға алуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Ең үздік және сұранысқа ие барлық фильмдерді біздің видеотекамыздан таба аласыздар. Теледидар экранында ұсынылған бейне-тізімнің ішінен алдын ала таңдап, қашықтықтан басқару пультінің көмегімен фильмге тапсырыс беруге болады.
Сандық сапа, көлемді дыбысталу және фильм жасаушылар туралы толық мәлімет. Сондай-ақ, ыңғайлы іздеу жүйесінің көмегімен өзіңізді қызықтырған киноны жанры, режиссердің немесе актерлердің аты-жөндері бойынша тез арада таба аласыздар.
«iD TV»-дің тұрақты жаңартылып тұратын видеотекасында соңғы жылдардағы кинофильмдердің үлкен таңдауы бар.


